Алматыда "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчының өтуіне орай, бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі, деп хабарлады қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Атап айтқанда, Орталық стадионның төңірегіндегі көшелердің бөліктері жабылады. Олар: Абай, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелері. 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

"Алматы қаласының полициясы күшейтілген қызмет атқару тәртібіне ауыстырылып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдады. Жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Орталық стадион аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. Қалалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын шектеу сызбасымен алдын ала танысып, өз бағыттарын түзетуге және қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге шақырады", – делінген полицияның хабарламасында.