Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртасқа концерт барысында бейәдеп сөз айтқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ол 73 840 теңге айыппұл төлейді. 

Концерт видеосы бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі арқылы тарап, желі қолданушыларының түрлі реакциясын тудырған болатын. 

"Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – делінген Polisia.kz хабарламасында.