Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азаматы мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. 

Жарлыққа сәйкес: 

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп және "Отан" орденімен:

  • Байбосынов Қайрат Әукенұлы – "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" РММ профессоры;

"Парасат" орденімен:

  • Әуезов Ерболат Құдыреұлы – "Алматы қаласы музейлер бірлестігі" КМҚК ғылыми қызметкері
  • Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы – "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ "Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музей" МКҚК директоры;

ІІ дәрежелі "Достық" орденімен:

  • Дворцевой Сергей Владимирович – Ресей және Қазақстан киносының режиссері марапатталды. 

Оқи отырыңыз: Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі – Тоқаев


Сондай-ақ, келесі азаматтарға "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағы берілді:

  • Беляков Александр Викторович – "Алматы әуендері" КМҚК Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі;
  • Каримов Алишер Шукурович – әнші;
  • Қосанова Айгүл Шоданқызы – әнші, "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ қауымдастырылған профессоры.

Марапат иелерінің толық тізімімен Ақорданың ресми сайтында танысуға болады.