Алматы қаласы "Фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК директоры Жанар Сәпиеваның айтуынша, көптеген науқас өзінің коронавирус жұқтырғанын бірден сезінбейді. Өйткені, вирус бүркемеленіп, әдеттегі тұмауға ұқсайтын болған. Сондай-ақ, маман қазір жаңа клиникалық белгілердің пайда болғанын мәлімдеді. Олар – бас ауруы мен депрессия. 

"Дельта" штамының келуіне байланысты клиникалық картина өзгерді. Мұны стационарларда байқап жүрміз. Бұл штамм ағзада жылдам таралады. Бұрын инкубация кезеңі 10-14 күн еді, қазір 7-8 күнге дейін қысқарды. Сондай-ақ, бұған дейін науқастар өкпесінің зақымдануы 20-30% болса, қазір 30%-дан жоғары. Клиникалық аспектіде әдеттегі тұмауға ұқсайды, вирус бүркемеленеді. Сондықтан көптеген науқас белгілерді аурудың басы деп қабылдамайды. Бірінші күні субфебрильды температура, дененің қалтырауы, жөтел, бас ауруы және әлсіздік болады. Арада 2-3 күн өткен соң клиника жылдамдай түседі. Сол себепті ересектердің балаларына мұқият болғаны жөн. Дене қызуы көтерілген кезде емхана көмегіне жүгініп, кеуде жасушаларын тексерту қажет. Қазір стационарға кеуде жасушаларының 60%-ы зақымданған науқастар түсіп жатыр", – деді Жанар Сәпиева.

Сондай-ақ, орталық жетекшісі құсу, диареямен қатар бұлшық еттің ауыруы мен сүйектердің сырқырауы сынды белгілердің пайда болғанын айтты. 

"Ұзақ уақыт бойы температура жоғары болады. Зертхана мәліметтері жиі өзгеріп отыратындықтан, әр науқаспен жеке жұмыс істеу қажет. Бұл аса маңызды. Кей науқаста қанда тромбоцит көлемінің бірден ұлғаюы байқалады. Осыған байланысты "Дельта" штамында өлім саны жоғары. Өйткені, тромбоцид ұлғайса, тромбоз, инфаркт болуы мүмкін. Сондай-ақ, бас ауруы, депрессия сынды жаңа неврологиялық белгілер қосылып жатыр", – деді маман.

Мұнымен қатар, Жанар Сәпиева емханаға жете алмай жатқан 65 жастан асқан қариялар мен азаматтардың екпе салдыру үшін үйге мобильді бригада шақыра алатынын айтты. Мобильді топ ішіндегі дәрігер мен медбике алдымен екпе алғысы келетін азаматтың оны қаншалықты көтере алатынын тексереді.