Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубы Лионель Мессидің командадан кеткенін ресми түрде жариялады. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарланды.

Клуб жеті дүркін "Алтын доп" иегеріне, сонымен қатар Францияның Суберкубогын жеңген ойыншыға шынайы алғысын білдіреді.

35 жастағы шабуылшының мансабын қайда жалғастыратыны әзірге белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, саударабиялық "Әл-Хилал" футбол клубы оған екі жылға 1,2 миллиард еуро төлеуге дайын. Америкалық "Интер Майами" де Аргентина ұлттық футбол құрамасының капитанын өздеріне алғысы келеді.

Месси 2021 жылдың жазында "ПСЖ" ойыншысы атанды, ол испаниялық "Барселонамен" келісімшарты аяқталғаннан кейін Париж клубына еркін агент ретінде қосылды. Желтоқсан айында "Алтын доптың" жеті дүркін иегері өз карьерасында алғаш рет әлем чемпионы атанды.