Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Қайрат Сатыбалдыұлын "Құрмет", "Парасат" ордендерінен айыру көзделіп отыр.Прокурор сотта Қайрат Сатыбалдыұлының мүлкін тәркілей отырып, оны 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Прокуратура өкілі Жангелді Есебаев сотты Қайрат Сатыбалдыұлын 10 жыл лауазымды қызметтер атқару құқығынан және ҰҚК генерал-майоры, "Құрмет" және "Парасат" арнаулы атақтарынан айыруды сұрады.
"Жазасын өтеу үшін орта қауіпсіздік мекемесі белгіленсін. Қамауда отырған мерзімінің әр күні 1,5 күнге тең болып есептелсін", – деді Жангелді Есебаев.
Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Сондай-ақ, прокурор ұсынып отырған жаза түрі мен мөлшерімен келісетінін жеткізді.