Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсыру туралы қаулы етті, деп хабарлады Ақорда сайты. 

"Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын" делінген қаулыда. 

Мемлекет қайраткері Сәт Тоқпақбаев. Фото: kazpravda.kz

Сәт Тоқпақбаев ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, қорғаныс министрі, президент кеңесшісі қызметтерін атқарған.