Жаңаөзен қаласына қарасты Кендірлі ауылында алғаш рет сайлау өтіп жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Жаңа ауылдың мәдениет үйінде орналасқан  №109 сайлау учаскесінде таңертеннен бері дауыс беруге келген ауыл тұрғындары көп. 

"Егеменді еліміздің баянды болашағы үшін маңызы зор саяси шараға бір кісідей атсалыстық. Отбасымызда ата-анам, інім мен және келіншегім болып сайлауға келдік. Өз таңдауымызды жасадық. Бұл науқанға ең алдымен еліміздің тұрақтылығы нығая түсуі үшін қатысып отырмыз", – дейді ауыл тұрғыны Қаршыға Байтөреев.

Фото: Қоғамдық коммуникация орталығы

Айта кетейік, Кендірлі ауылы 2020 жылы Рахат ауылының "Жұлдыз" шағын ауданынан құрылған.