Сайлаушылардың 5,2 пайызы барлығына қарсы дауыс берді. Бұл бюллетеньдердегі ең танымал екінші жол. "Ашық қоғам" халықаралық институты Qazaqstan телеарнасындағы телемарафонның тікелей эфирінде exit-poll қорытындысын жариялады.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Ол 82,45% дауыс жинады.

Екінші орында 2,54% дауыспен – "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" қоғамдық бірлестігінің кандидаты Қарақат Әбден тұр.

Оппозициялық кандидат Нұрлан Әуесбаев 2,17 пайыз дауыс жинады.

Одан кейінгі орында "Ауыл" партиясынан үміткер Жигули Дайрабаев 3,33% дауыс алды.

Соңғы орынды Мейрам Қажыкен иеленді – 2,23% дауыс берілді.

Сайлаушылардың 5,2 пайызы барлығына қарсы дауыс берді.