Президент Қапшағай атауын Қонаев етіп өзгертетін жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын", – делінген жарлықта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.