Мемлекет басшысының жарлығымен Наталья Николаевна Годунова Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Ол 2018 жылғы ақпаннан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы болса, президенттің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 9 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы болып тағайындалды.

Экономика ғылымдарының кандидаты.


Оқи отырыңыз: Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды