Президенттік үміткер Жигули Дайрабаев кандидаттар арасында бірінші болып дауыс берді. 

Жигули Дайрабаев

Жигули Дайрабаев Астана қаласындағы №396 сайлау учаскесінде дауыс берді. Ол мұнда өз туысқандарымен бірге келді. 

Дауыс беру кабинасынан шыққаннан кейін Жигули Дайрабаевтың бюллетенін немересі урнаға салды.