Президент батыстағы жастарды мұнайдан басқа салаларға тарту қажеттігін айтты
Мемлекет басшысының айтуынша, мұнай қоры таусылғанда аймақтарда ахуал күрделене түседі.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Қазақстанның батыс өңіріндегі жастарды мұнайдан басқа салаларға тарту қажеттігін айтты.
"Батыста, әсіресе Маңғыстауда жастар көбінесе мұнайшы болғысы келеді. Ол дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтарда ахуал күрделі болып кетуі мүмкін. Сондықтар жастардың басқа да кәсіптеріл игеруіне жағдай жасау керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет. Мысалы, бүгінгі саланың өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы біз көзі ашық, білімді жастарды тәриелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл жұмыс әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болуы керек", – деді президент.
Оқи отырыңыз: Жаңаөзендегі газ жарылысынан қайтыс болғандар саны артты
Сонымен қатар, мемлекет басшысы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіруді тапсырды.
"Жалпы, Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады", – деді президент.