Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай оқушылар сарайында орналасқан №51 учаскеде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс берді. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Еске салайық, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша дауыс берген азаматтардың үлесі 64,43%-ды құрады. Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де жарияланады.