Премьер-министр Олжас Бектенов референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Үкімет басшысы №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан референдумда алғашқылардың бірі болып таңдау жасады.
Үкімет басшысы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №130 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.
Референдумға қатысушыларға: "Сіз 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген жалғыз сұрақ қойылған. Дауыс берушілерге "Иә, келісемін" немесе "Жоқ, келіспеймін" деген екі нұсқа ұсынылады.
Оқи отырыңыз: Референдум - 2026: Геннадий Головкин Бангкокта дауыс берді
Еліміз бойынша дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.