Полиглоттар қаласы: Алматыда қанша адам 6 тіл біледі?
10-14 және 25-29 жастағы алматылықтар ағылшын тілін басқаларға қарағанда жақсы біледі.2021 жылғы халық санағы бойынша 5 жастан асқан халықтың 44,9 пайызы екі тілді, 28,6 пайызы – үш тілді меңгерген, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Санақ қорытындысы бойынша тағы 1,7% 4 тілде сөйлейді, 5 тілді халықтың 0,2 пайызы біледі. 6 тілді білетін полиглоттардың үлесі 0,1% немесе 8 845 адамды құрады.
"Ерлерге қарағанда 4-5 тілді меңгерген әйелдердің үлесі басым, сәйкесінше 47,9% және 52,1%. Бірақ 6 және одан да көп тілді білетін ерлер үлесі, керісінше, әйелдердің үлесінен асып түседі – 55,6%. Өңірлік бөліністе 5 және одан да көп тілді білетін полиглоттар Алматы қаласында", – делінген хабарламада.
Бұл ретте 35,1% немесе 6 042,1 мың адам ағылшын тілін біледі, оның 27,6% – еркін сөйлейді.
Оқи отырыңыз: Отандық ғалымдар жасанды ақылға 50 млн қазақ сөзін енгізді
Жас сегментінде ағылшын тілін білетіндердің үлесі 10-14 жас және 25-29 жас аралығында көп.