ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікпен ұсталғаннан кейін барлық орта буын басшыларының жаппай тексерілетінін айтты. 

Ол Талдықорған полиция басқармасының басшысына қатысты істің әлі тергеліп жатқанын айтты. Сондай-ақ осы оқиғадан кейін министрлік қандай шараларды қолға алғанын атап өтті. 

"Жеке құрам жұмысына жауапты орта буын басшылары тексеріледі. Аттестациядан кейін талапқа сай келмейтіндерін жұмыстан шығарамыз", – деді Игорь Лепеха. 


Оқи отырыңыз: Алматыдағы лай көшкіні: бір адамның өлі денесі табылды