Пол Томас Андерсонның фильмі "Оскар-2026"-да басты жүлдені жеңіп алды
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Dolby Theatre сахнасында өткен 98-ші "Оскар" марапаттау рәсімі барысында Пол Томас Андерсон түсірген "Толассыз шайқас" (One Battle After Another) фильмі басты триумфатор атанды. Туынды жалпы алты номинацияда жеңіске жетті.
Негізгі номинациялардағы жеңімпаздар:
- Үздік фильм: "Толассыз шайқас" (One Battle After Another)
- Үздік режиссер: Пол Томас Андерсон (One Battle After Another)
- Үздік актер: Майкл Б. Джордан ("Күнәһарлар" / Sinners)
- Үздік актриса: Джесси Бакли ("Хэмнет" / Hamnet)
- Екінші пландағы үздік актер: Шон Пенн (One Battle After Another)
- Екінші пландағы үздік актриса: Эми Мэдиган ("Қару" / Weapons)
Техникалық және өзге санаттар:
Пол Томас Андерсон режиссерлық мансабындағы алғашқы "Оскар" жүлдесін жеңіп алды.
Отем Дюальд Аркапау ("Күнәһарлар") "Үздік операторлық жұмыс" номинациясын жеңіп алған тарихтағы алғашқы әйел оператор атанды.
K-Pop Demon Hunters анимациялық фильмі үздік анимациялық фильм атанса, ондағы Golden композициясы "Үздік түпнұсқа ән» номинациясында жеңіске жетіп, K-pop жанрындағы алғашқы "Оскар" алған ән болды.
Биыл алғаш рет "Үздік кастинг" номинациясы енгізіліп, оны Кассандра Кулукундис (One Battle After Another) иеленді.
Үздік халықаралық фильм – Норвегияның "Sentimental Value" туындысы.
Үздік деректі фильм – "Mr. Nobody vs. Putin".