Пияздың жоғары өнімділігіне қарамастан, оның ішкі нарықтағы құны өте жоғары. Жыл басынан бері пияз бағасы екі есе өсті, бұл соңғы төрт жылдағы ең жоғары өсім. Апта сайынғы өсімі орта есеппен 2-3 пайызға жетіп отыр, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 191 теңге болса, Алматы облысында пияздың ең жоғары бағасы  тіркелді. Ол 308 теңгені құрайды.

"Қазақстанның ішкі нарығында пияздың қымбатуы көршілес нарықта пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Сондықтан Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты", – деп жазылған хабарламада.

Алайда арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығының жоқ екенін көрсеткен. Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 пайызын құрайды. 

Айта кетейік, бүгінде пияз экспортына тыйым жоқ.


Оқи отырыңыз: Бір жылда қарақұмық жармасының бағасы 33% қымбаттады