Серік Мұхамедиев Петропавл қаласының әкімі болды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін бұл қызметті Руслан Анбаев атқарды. 

Серік Мұхамедиев 2021 жылғы қазаннан бері Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі болып істеген. 

Оған дейін құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы, жоспарлау-сметалық және мердігерлік жұмыстар бөлімінің бас маманы, жолаушылар тасымалы бөлімінің бастығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.