Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы "2-Жылу-электр орталығы" ЖШС директоры мен бас инженерінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Прокуратура мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің №254 "Міндеттеріне адал қарамау" бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында осы іс бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіледі. Тергеу барысын облыс прокуроры мен ПД бастығы бақылауға алды. Сонымен бірге облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі" делінген ресми хабарламада.

Апат кезінде хабар-ошарсыз кеткен жұмысшы әйелді іздеу жұмыстары бүгін таңғы сағат 8.00-де қайта басталды. Әзірге нәтиже жоқ.


Оқи отырыңыз: Петропавлдағы апат бойынша жұмыс комиссиясы құрылды