Павлодар полициясы студентті сабақ үстінде соққыға жыққан колледж оқытушысының үстінен іс қозғады. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұстаздың студентке қол көтергені үшін жұмыстан шығарылғанын хабарлаған болатын.

"29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырып түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, тоқ күшін түсіндірмек болып, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды", – деп хабарлады облыстық полиция бөлімінен.


Оқи отырыңыз: "5 жылға дейін Қазақстанға кіре алмайды". Елде заңсыз жүрген 546 шетел азаматы шығарылды.


Облыстық полиция бұл оқиғаға колледж басшысы да жауап беретінін хабарлады. Іс материалдары сотқа жіберілді.