Павлодарда Әзілхан Нұршайықовтың костюмі көрмеге қойылды
Көрмеде газетпен байланысты тұлғалардың жеке заттарын дакөруге болады.Облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде облыстық Saryarqa samaly газетінің 95 жылдық мерейтойы аясында "Елмен етене басылым" атты рухани кешке пен көрме ұйымдастырылды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.
Аталмыш көрмеде Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1953-1956 бүгінде Saryarqa samaly ("Қызыл ту") газетінің редакторы Әзілхан Нұршайықовтың костюмі мен қалпағы, белгілі журналист Айтжан Бәделхановтың фотоаппаратымен түскен суреті және сол фотоаппаратының өзі де қойылған. Одан бөлек, бір ғасырға жуық тарихы бар газетте қызмет жасаған тілшілердің суреттері мен қызметтік куәліктері жұртшылық назарына ұсынылды.
«Газетіміздің тарихы тереңде жатыр. 1929 жылы 15 ақпан күні басылымның алғашқы редакторы Бейсенбай Кенжебаевтың ұйымдастырумен алғашқы газет жарық көрген болатын. Ол кезде газеттің атауы «Кеңес туы» болды. Одан кейін де бірнеше рет газеттің атауы өзгерген болатын. 1991 жылдан бері газетіміз «Saryarqa samaly» атауымен шығып келеді», – дейді газеттің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев.
Аталмыш іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мәдениет қызметкерлері, университет студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.
Оқи отырыңыз: Мүсірепов театрының сахнасында – Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романы
Айта кету керек, Saryarqa samaly газетінің құрметіне ұйымдастырылған көрме бір аптаға созылмақ.