Павлодар облысында тоғыз мұз өткелі ашылды
Оның төртеуі автокөліктер үшін, ал бесеуі жаяу жүргіншілерге арналған.Облыстық "109" ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, өткелдегі мұздың қалыңдығы 35 сантиметрден 70 сантиметрге дейін жетеді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.
"Өңірдегі мұз жолдары негізінен мал азығы мен отын тасу үшін пайдаланылады", – деді облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Қыдыржан Наскенов.
Май ауданында5ы Көктөбе мен Баскөлде, Аққулыдағы Ямышевта, Ертіс ауданында, Железин ауданындағы Башмачное мен Моисеевкада және аудандағы Жаңа қалада өткелдер жұмыс істеп тұр.
Оқи отырыңыз: Абай облысының Қытаймен шекарасында қазақстандық үшінші теміржол өткелі іске қосылады
Келесі аптада Тереңкөл ауданында тағы төрт мұз өткелі ашылады. Олар қазіргі уақытта жабық, өйткені мұздың жылынуына байланысты шұңқырлар пайда болды.