Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында су тасқынынан зардап шеккендер 5 жаңа үйдің кілтін алды, деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Асайын Байханов құттықтады. 

"Үйлері зардап шегіп, апатты деп танылған адамдардың бүгін қоныс тойларын тойлап жатқандарына өте қуаныштымын. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз сіздердің ауылдағы төтенше жағдайдың салдарын барынша жоюға тырыстық", – деді өңір басшысы Асайын Байханов.

Жаңа үйлер үш ай ішінде салынды. Фото: Валерий Бугаев

Ол демеушілік көрсеткен ERG тобы мен "ОАЭК" АҚ, сондай-ақ, 3 айдың ішінде сапалы үйлерді салған жергілікті "Ақтоғай-Агро" ЖШС құрылыс компаниясына алғысын білдірді. Үйлер жаңа әрі биік жерде тұрғызылды.

"ERG Қазақстандағы 30 жыл бойы жұмысында әрдайым елмен бірге болды. Өз шаңырағының болуы кез келген отбасы үшін маңызды, сондықтан, біз жаңа баспанаға қоныстанған отандастарымыздың қуанышын бөліскенімізге қуаныштымыз. Өйткені, біздің компанияның миссиясы – бізге сенім білдіргендердің өркендеуін қамтамасыз ету", – деп атап өтті ERG директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов.

Көпбалалы отбасылар, "Күміс алқа" белгілерінің иегерлері – Сматаевтар, Баймановтар, Муллин және Дайырбековтардың үйлерін қалпына келтіруге мүмкін болмады.

Жаңа үйдің кілтін табыстау сәті. Фото: Валерий Бугаев

Барлық жаңа қоныс иелері облыстық мәслихат депутаттарынан, сондай-ақ, облыстың үш қаласының мәслихаттарынан сыйлық ретінде тұрмыстық техникалар (тоңазытқыш, теледидар, кір жуатын машина, ас үй плитасы, кондиционер және тағы басқалар) алды.