Павлодар облысында браконьерлер 12 елікті атып өлтірді
Сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.Ауыл тұрғындарының қырағылығының арқасында Мичурино ауылының маңындағы Ертіс өзенінің жайылмасында полиция қызметкері ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өкілімен бірлесіп ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесті. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.
"Жергілікті тұрғындардан қоңырау келіп түсті. Олар екі адамның аң аулайтынын хабарлады. Аталған жерге барғанда екі ауыл тұрғыны елік аулауды заңсыз жүргізгені анықталды. Оқиға орнынан 12 жануардың ұшасы, қарда жүретін көлік, 5 дана тегіс ұңғылы мылтық табылды", – деп жазылған хабарламада.
Күдіктілерге қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: Елікті атып өлтірген Ақмола облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы басталды