тапсырылған бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы pavlodarnews.kz жазды.

Іс материалдары бойынша 2022 жылдың қыркүйегі мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында әйел "Балапан" бөбекжай-бақшасында директордың міндетін атқарушы болып жұмыс істегенде, өзінің карточкалық шотына 4 779 228 теңгені заңсыз аударған болатын.  

Сотта ол кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

Қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәлардың және іс бойынша жиналған басқа да айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденді.

"Сот кінәсін мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін, келтірілген зиянды ішінара өтегенін ескере отырып, әйелге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады",– деді Железин аудандық сотының баспасөз қызметінде.

Үкімнің орындалуы сотталушының екі жас баласының болуына байланысты ҚК 74-бабының 1-бөлігі негізінде 3 жылға кейінге қалдырылды.


Оқи отырыңыз: Елордадағы "Еркетай" балабақшасында тәрбиешілер баланы әжетханаға қамаған


Сонымен қатар, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті мемлекеттік органдарда және тағы басқа лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.