Прокурорлық тексеріс кезіндеПавлодар қаласының барлық мектептерінде бейнебақылау камералары жазу функцияларысыз жұмыс істейтіні, олардың бейне мұрағаттарына кіру мүмкіндігі жоқ және полицияның Жедел басқару орталығына қосылмағаны анықталды. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

"Бұл кемшілік 2023 жылы «Smart City Pavodar» жобасы аясында түзетілуге тиіс болатын, алайда жеткізушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты әлі іске асырылмаған. Жергілікті атқарушы органдар оған қатысты наразылық-талап қою жұмыстарын жүргізуде", – деп жазылған хабарламада.

Барлық анықталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданды.


Оқи отырыңыз: ҰТО 4-9 наурыздағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесін жариялады