Пәтерді жалға алған кезде оған тіркелу міндетті ме?
Пәтерді жалға алушылар тіркелмегені үшін 7 АЕК (21 441 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.Пәтер иесі пәтерді жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме? Уақытша тіркелудің пайдасы қандай? жтіркеуге тұрмаған жағдайда қандай қауіп бар? Krisha.kz жалдамалы пәтерде тіркелу туралы жиі кездесетін сұрақтарға жауап берді.
Уақытша тіркеу қашан қажет?
Қазақстан заңнамасы бойынша уақытша тіркеу тұрғылықты жерін бір айдан астам уақытқа ауыстырған кезде берілуі тиіс. Яғни, бір ай немесе одан да көп уақытқа басқа мекенге көшкенде (мысалы, оқуға, іссапарға, туыстарының үйіне кеткенде және үй жалдаған кезде), сонымен қатар қала немесе аудан ішінде тұрғылықты жерді ауыстырған кезде де уақытша тіркеуден өту қажет.
Уақытша тіркеуге тұрған кезде тұрақты тіркеу бұрынғы мекенжай бойынша қалады. Мысалы, азамат Алматыда тұрақты тіркеуде тұр, бірақ Нұр-Сұлтанға жұмысқа барып, сол жерде уақытша тіркеуге тұрса да, Алматыдағы тұрақты тіркеуі сақталады.
Уақытша тіркеуге тұру өте маңызды. Себебі азамат тұрғын үй кезегінде тұрса немесе кез келген мемлекеттік бағдарламаның қатысушысы болса, тұрақты тіркеу мерзімі үзілмейді.
Пәтер иесі жалға алушыларды тіркеуге міндетті ме?
Халықты тұрғылықты және уақытша тұратын жері бойынша есепке алу көші-қон, құқық қорғау және салық органдары үшін өте маңызды. Жалға берілетін тұрғын үйге уақытша тіркелу қажет. Сондықтан мүлік иесі пәтерді жалға алушыларды тіркеуге міндетті.
Егер уақытша тіркеуден бас тартса, үшін пәтер иесіне ескерту жасалып, кейін 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Жағдай қайталанған жағдайда айыппұл көлемі 20 АЕК (61 260 теңге) мөлшерінде болады.
Пәтерді жалға алушылар да тіркелмегені үшін 7 АЕК (21 441 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.
Тұрғын үй ауданы онда тіркелген тұрғындардың санына әсер етпейді. Пәтерде немесе үйде қалағаныңызша адамды уақытша тіркеуге болады, ешқандай шектеу жоқ.
Оқи отырыңыз: 5 минут ішінде тұрақты және уақытша тіркеуге тұруға болады
Қалай онлайн тіркелуге болады?
Тіркеуді жалға берушінің келісімімен ғана алуға болады. Мұны халыққа қызмет көрсету орталығында немесе eGov.kz сайты арқылы онлайн түрде жасауға болады. Тіркеу қызметі тегін.
Уақытша тіркеу не береді?
Уақытша тіркеу жалға алушыға барлық қажетті әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Мысалы, баласын мектепке немесе балабақшаға бере алады, емханаға тіркей алады және тағы басқа.
Сонымен қатар уақытша тіркеуге өтініш бергенде, тұрақты тіркеу орны бойынша коммуналдық қызмет құнын азайтуға болады. Бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару сияқты бір адамға есептелетін қызметтерге қатысты. Ол үшін қызмет көрсетуші компанияға барып, өтініш пен тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы анықтаманың мерзімін көрсету арқылы қайта есептетуге болады.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттен жалға алынатын тұрғын үй ақысын төлеуге субсидияны қалай алуға болады?
Уақытша тіркеу мерзімі қандай?
Уақытша тіркеу белгілі бір мерзімге беріледі. Ең қысқа уақыты – 3 ай, ең ұзағы – бір жыл. Тіркеуден шығудың қажеті жоқ, ол автоматты түрде болады.
Егер уақытша тіркеу бір жылға берілсе, ал пәтерді жалға алушы онда әлі де тұрып жатса, қайта тіркелу қажет. Егер, керісінше, уақытша тіркеу мерзімі әлі өтпесе, ал жалға алушы пәтерден шығып кетсе, ол жаңа мекен-жай бойынша тіркелген кезде пәтердегі тіркеуден автоматты түрде шығарылады.