Парламент Палаталарының бірлескен отырысы қашан өтеді?
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өкімге қол қойды.2 қыркүйекте Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", – деп жазылған Өкім мәтінінде.