Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, Ерден Хайруллиннің жүрегі тоқтап қалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің жүрегі тоқтап қалған", – дейді ведомство.

Қалалық әкімдік те басқарма басшысының қайтыс болғанын растап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, Ерден Хайруллин турист ретінде емес, Парижге іс-сапармен барған.

"Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидовичтің кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Парижде Хайруллин іс-сапарда болды", – деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.

Айта кетейік, Ерден Хайруллин 2022 жылғы мамырдан бері осы қызметті атқарып келген.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Алматыдағы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болды.