Париж Олимпиадасының бюджеті 11 миллиард еуроға бағаланды, деп жазды франциялық Ouest-France басылымы. 

Аталған бюджет көлемі бастапқы жоспардан екі есеге жуық арты.

Басылымның жазуынша, Париж Олимпиада өткізетін қала ретінде ұсынылған тұста Олимпия ойындарын өткізуге 6,2 миллиард еуро жеткілікті деп есептелген. Алайда шын мәнінде шығын көлемі екі есе артып, 11 миллиард теңгеге жуықтаған. 

Оның ішінде мемлекеттің шығындары 4,6 миллиард еуроны (жоспар бойынша 2,3 миллиард еуро) құраса, Олимпиаданың ашылу салтанатының өзіне 122 миллион еуро жұмсалған. 

"Әдетте, мұндай ауқымды шаралар өз шығынын ақтайды. Мысалы, Халықаралық олимпиадалық комитет Бейжіңге өткен Олимпиаданы өткізу үшін 880 миллион еуро берген", – деп жазды Ouest-France басылымы. 

Еске салайық, Париж Олимпиадасы 11 тамызда аяқталады. Қазақстан қазіргі таңда 31-орынға жайғасқан. Ұлттық құраманың қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль бар. 


Оқи отырыңыз: Жүкті спортшы, "киллер" мерген, интерсекс боксшы. Париж Олимпиадасының қызықтарына шолу