Өзбекстанда діни посттарға лайк басқандарға айыппұл салынуы мүмкін
Елде әлеуметтік желіде экстремистік идеяларды насихаттайтын арналар көбейген.Өзбекстанда діни экстремизммен күрестің жаңа тәсілі қолға алынбақ. Діни алауыздық тудыратын посттарға лайк басқандар не оларды репост жасағандар қомақты айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл туралы UzDaily хабарлады.
Басылымның жазуынша, Өзбекстанның дін істер жөніндегі комитеті ел тұрғындарын интернет желісіндегі діни посттарға лайк баспауға үндеген. Комитет ескертуіне сәйкес, тексерілмеген діни материалдарға лайк басу ірі көлемдегі айыппұлға негіз болмақ.
"Діни материалдарды тарату тек қана мемлекеттік діни сараптамадан өткеннен кейін ғана рұқсат етіледі", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанда дін туралы жаңа заң жобасы шу туғызды. Жапаровтың баспасөз хатшысы жауап берді