Өзбекстанда әйелдердің бет-аузын тұмшалап жүруіне тыйым салынды
Жаңа талапты орындамағандар жазаға тартылады.Депутаттар өзгерту енгізген заң жобасына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жаңа құжатқа сәйкес, қызметіне байланысты немесе медициналық себептер бойынша ғана бетті жабатын киім киюге болады. Ал ережені елемеген тұрғындар айыппұл арқалайды.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда екі немесе одан да көп әйелмен тұруды насихаттайтын, әйел мен ер адамның тең құқығын ашық түрде жоққа шығаратын азаматтарды жазаға тартатын заң күшіне енген болатын.
Оқи отырыңыз: 26 мамырдан бастап Қазақстаннан шетелге көмір тасымалдауға тыйым салынады