Өзбекстанда қысқы каникул мерзімі бір аптаға ұзарып, оқу 11 қаңтардың орнына 18 қаңтарда басталады деп хабарлады UzA ақпарат агенттігі.

Каникул мерзімін өзгертуге Өзбекстан аумағына айрықша суық ауа райының келуі себеп болып отыр. Мемлекет заңнамасы бойынша мектептегі оқу 11 қаңтарда, ал жоғары оқу орындарында 9 қаңтарда басталуы тиіс болған.


Оқи отырыңыз: Сколько дней будут отдыхать школьники на зимних каникулах


Еске салайық, Қазақстанда мектептер мен жоғары оқу орындарында оқу 9 қаңтарда басталады. Үшінші тоқсандық оқу 17 наурызға дейін созылады.

Биылғы оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары 35 апта, 2-11 сынып оқушылары 36 апта білім алады. Оқу жылы 31 мамырда аяқталады.