Жас ғалымдарға арналған ипотекалық бағдарлама бойынша төлемдер төлемдердің алғашқы сегіз жылында 155 мың теңгеге дейін, ал тоғызыншы жылдан бастап 84 мың теңгеге дейін азаяды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Отбасы банкінің" төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

Оның айтуынша, бүгінде тоғыз адамның өтініші мақұлданған. Бұл несиелердің ең ұзақ мерзімі 19 жыл болады. Ибрагимова бұл бағдарламаның академиялық ғылым өкілдеріне және отандық ғылымда жас ғалымдарды сақтап қалуға арналғанын ерекше атап өтті.

"Ауылшаруашылығына, медицинаға қатысты ғылым саласы әрқашан кадрларды тартады, бірақ академиялық ғылымда мамандар аз, сондықтан біз осындай бағдарлама жасауды шештік. Ол банктің таза табысынан қаржыландырылады. Біз "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасы бойынша білім беру депозиттерін ашуға лицензия алу үшін құжаттарды тапсырдық, сондықтан біз балаларымыздың білім алуымен ұзақ уақыт айналысатын боламыз және бар барлық мәселелерді кешенді түрде қарастырамыз", – деді "Отбасы банкінің" басшысы.


Оқи отырыңыз: "Күніне 200 теңгеден жинап, үйлі болғандар бар". Отбасы банкінің қызметкерлері өз жұмысы туралы айтып берді