Отбасы банк 21 желтоқсаннан бастап депозиттерді онлайн сатуға өтініш қабылдауды уақытша тоқтатты.

Депозиттерді онлайн сату қызметі Отбасы банкі салымшыларының депозиттеріне мемлекеттік сыйлықақы түскеннен кейін қайта іске қосылады.

"21 желтоқсанға дейін онлайн сатуға шығарылған депозиттер бойынша операциялар соңына дейін жеткізілетіні туралы естеріңізге саламыз", – делінген Отбасы банк хабарламасында.

Биылғы ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы – 116 680 теңге. Оны алу үшін салымшы депозитін 200 АЕК-ке дейін, яғни 583 400 теңгеге толықтыру қажет.