Бүгін "Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдау басталды. Барлық өтінім "Baspana Market" жылжымайтын мүлік порталында қыркүйектің 25-не дейін қабылданады, деп хабарлайды "Отбасы" банк баспасөз қызметі. 

Аталған бағдарламалардың қатысушысы болу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  1. Егер әлі депозит ашпаған болсаңыз, Отбасы банкінде депозит ашыңыз.
  2. Отбасы банкінде жинақ шотыңызда кем дегенде 1 млн теңге бар екеніне көз жеткізіңіз. Бұл депозитті өтінім берудің алдында бір төлеммен салуға болады.
  3. Соңғы 5 жылда өзіңіздің және отбасы мүшелеріңіздің (жұбайыңыз және кәмелетке толмаған балаларыңыз) меншігінде тұрғын үй болмағанын тексеріңіз. Егер сіз некеде болмасаңыз, тек сізге тексеру жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: "Бір аптада баспаналы болдық": Әйелдерге арналған "Ұмай" ипотекасы несімен ұтымды?


"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттары:

  • Бастапқы жарна – 20 пайыздан бастап;
  • Тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін несие пайызы – 7% (ЖТСМ 7,3 пайыздан 8,9 пайызға дейін);
  • Барлық санаттағы азаматтар үшін несие пайызы – 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8 пайызға дейін);
  • Несие мерзімі – 19 жылға дейін;
  • Сіз өтінім берер алдында депозитті ашуға болады;
  • Несие сомасы Астана, Алматы қалалары үшін 36 млн теңгеге дейін, басқа аймақтар үшін 30 млн теңгеге дейін ұлғайтылды;
  • Алматы және Астана қалаларында тұрғын үйді сатып алу үшін тіркелу талап етілмейді;
  • Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында тек алғашқы тұрғын үйді сатып алуға болады. Ал моноқалалар мен ауылдарда бірінші, екінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік бар.

Оқи отырыңыз: "9-20-25", "7-20-25", "Жас отбасы": 2024 жылы ипотекамен қалай пәтер алуға болады?


"Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша бірегей ұпай есептеу жүйесі енгізілді. Бұл бағдарламалар Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді және ЖАО арқылы тұрғын үй кезегінде тұру міндетті емес.