Отандық лоукостер Қазақстан мен Кутаиси арасындағы жазғы рейстерді көбейтті
FlyArystan әуе компаниясы жазда Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы рейстер санын арттырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
"2025 жылдың шілде айында Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы әуе қатынасын кеңейтуде. Қосымша рейстерге және қалаларға сәйкес ұшу жиілігінің 20-дан 60 пайызға дейін ұлғаюы жолаушыларға жазғы сапарларын одан да қолжетімді әрі ыңғайлырақ жоспарлауға мүмкіндік ашады", – делінген хабарламада.
1-31 шілде аралығында Кутаисиге рейстер Қазақстанның бес қаласынан жаңартылған кесте бойынша орындалады.
Кутаисиге ұшу кестесі:
- Атыраудан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері;
- Ақтаудан – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері;
- Шымкенттен – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;
- Астанадан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері.
Кутаисиден ұшу кестесі:
- Атырауға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері;
- Ақтауға – сейсенбі, сәрсенбі, жұмы, сенбі және жексенбі күндері;
- Шымкентке – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;
- Астанаға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері.
Алматыдан Кутаисиге ұшатын рейстер өзгеріссіз қалады: шілде айында аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.