Экология және табиғи ресурстар министрлігі ескі автокөлігін кәдеге жаратуға өткізгендерге отандық көліктерді сатып алуға жеңілдік сертификаты немесе ақшалай төлемақы беріледі. Бұл туралы Kolesa.kz Экология министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлап, сертификат сомалары бойынша ақпаратты ұсынды. 

Оған сәйкес, сертификат сомасы келесі мәндерге ие: 

  • жеңіл көлік – 315 000 теңге;
  • микроавтобус – 550 000 теңге;
  • автобус – 750 000 теңге;
  • 12 тоннаға дейінгі жүк көлік – 550 000 теңге;
  • ауыр жүк көліктері – 750 000 теңге;
  • трактор – 560 мың – 1 млн теңге;
  • комбайн – 1,5 – 2 млн теңге.

Басылымның жазуынша, ескі көліктер 2024 жылғы желтоқсан қабылданып бастайды. 

"27 қазаннан кейін мамандар қара металл өңдеушілерден техниканы кәдеге жаратуға өткізу бойынша өтінім жинап, базаға тіркейді және кәсіпкердің қажет жабдықтары бар-жоғын тексереді. Осыдан кейін ғана көлік иелерінен өтінім қабылдау басталады", – делінген хабарламада. 

Айта кетеейік, өтінімдер "Жасыл Даму" АҚ порталында қабылданады. 


Оқи отырыңыз: