Өскеменде жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды, деп хабарлады Polisia.kz Өскемен қаласының Полиция басқармасы "Қорғау – қауіпті жүргізуші" мобильді қосымшасын пайдалана отырып, қала жүргізушілерінің жол ережесін бұзуына талдау жасады.  

"Өскемен қаласы бойынша жол қозғалысы саласында 3400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, төленбеген айыппұлдары бар көлік құралдарын ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен полиция қызметкерлері осы қосымшаның көмегімен Ресей Федерациясының тіркеу есебімен BMW көлігін ұстады, оның жүргізушісі жол ережесін 84 рет бұзған. Айыппұл сомасы 2,4 млн теңгені құрады", – деді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

Қосымшаның негізгі функцияларының бірі – қауіпті жүргізушілерді анықтау. Сергек камералары арнайы алгоритмдердің көмегімен жолдарда қауіпті жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтайды. Бағдарлама олардың орналасқан жерін берілген радиуста көрсетеді. Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде мұндай көлікті тоқтатып, шара қолдана алады.


Оқи отырыңыз: "Сергек" камераларына түспеудің амалдары