Өскеменде бірнеше күннен бері көмірдің кезегінде тұрған азамат ашуға булығып, өзін-өзі өртеп жібермек болған. Бірден темір жол тұйығындағы көмір базасына жеткен полиция қызметкерлері оның қолындағы бензинге толы канистрін алып, тыныштандыруға тырысқан, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Көмір базасының басшылығы мен әкімдік өкілі бұл азаматқа ақыры көмір беріпті. Оған кезекте тұрғандар да қарсылық білдірмеген. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, базаға көмір Өскенмен қаласының әлеуметтік аз қамтылған отбасылары үшін жеткізілгенін айтады. Ал шу шығарған азамат – Ұлан ауданының тұрғыны. Айғай-шумен ақыры отынды тиеп алып кеткен азаматқа полицейлер жолды жауып, көлік қозағылысына кедергі келтіргені үшін 29 мың 170 теңге айыппұл салды.

Шу шығарған азамат базадағы көмірді әлеуметтік бағамен, яғни тоннасын 9 мың 800 теңгеден алу үшін ауданнан арнайы Өскенмен қаласына келген. Ал әлеуемттік осал топтардан бөлек өзге жұртшылыққа көмір 500 теңгеге қымбатқа сатылады екен.