Қазақ мәдени мұрасының екі жаңа элементі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Марокконың астанасында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 17-ші сессиясында комитет 46 номинацияны қарастырып, 20-сын тізімге енгізуге келісім берген. Оның ішінде қазақтың би, қуыршақ және музыкадан тұратын дәстүрлі орындаушылық өнері – "Ортеке" мен Қожанасырдың әзіл әңгімелері бар.


Оқи отырыңыз: "Ортеке" биі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енуі мүмкін


Бұған дейін ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне 11 элемент енгізілген, оның ішінде ұлттық қазақ мәдени мұрасына қатысты: домбыра күй өнері (2014), қазақ күресі (2016), асық ату ойыны (2017) мен қазақ жылқы өсірушілерінің көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері (2018). Ал қалған жеті элемент бірқатар елдердің ортақ мәдени мұрасына жатады. Олар: киіз үйді жасау (2014), айтыс өнері (2015), Наурыз және қатырма (2016), Қорқыт ата мұрасы (2018), тоғызқұмалақ (2020) және құсбегілік (2021).