Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазын оқу кестесін жариялады.

Астана және Шымкент қалаларында айт намазы 20 наурызда сағат таңғы 7.15-те, Алматыда сағат таңғы 7.00-де оқылады.

2026 жылғы Ораза айты намазының кестесі. Графика: ҚМДБ ресми сайты

Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады. 

Ораза айт мерекесін мұсылмандар алғаш рет хижраның екінші жылы – 624 жылы атап өткен. "Айт" сөзі – жыл сайын қайта келетін мейрам, мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту деген мағынаны білдіреді. "Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар" деген сөз бекер айтылмаса керек.


Оқи отырыңыз: Айт намазы қалай оқылады?