Оралда қазақ күресінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтті
Орал қаласында 14 сәуір мен 16 сәуір аралығында қазақ күресінен 2005–2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды бәсекеге еліміздің барлық 17 облысынан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жалпы саны 468 спортшы қатысты. Чемпионатқа 20 жаттықтырушы, 30 төреші және 20 ресми өкіл келді. Ер балалар – 10 салмақ дәрежесінде, ал қыздар 8 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
14 сәуір күні жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, ҚР Қазақ күресі федерациясы Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов қатысып, чемпионатқа қатысушы жас балуандарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ұлттық спортымыз – қазақ күресін кеңінен насихаттау мақсатында Орал қаласына республикалық және шетелдік БАҚ өкілдері келіп, ақпараттық қолдау көрсетті.
ҚР Қазақ күресі қауымдастығының бас директоры Дамир Бекбосынов "Жайық Аренада" халықаралық дәрежедегі чемпионаттарды өткізуге болатынын атап өтті.
"Бұл – ұлттық құрамаға іріктеу жарысы. Чемпионат деңгейіне қарап жастар арасындағы Азия не әлем чемпионатын өткізуге болатынын көріп отырмыз. Осы жарыста жеңімпаз атанған спортшылар ересектер арасындағы Әлем кубогына қатысады. Жастар құрамасынан осылай біртіндеп ересектер арасындағы додаларға қатыса бастайды. Қазақ күресінен соңғы рет әлем чемпионаты Үндістанда өтті. Шетелде халықаралық жарыстар өткізу арқылы ұлттық күресімізді Азия ойындарының бағдарламасына қосуға ұмтылып жатырмыз. Қазақ күресін бұқаралық сипатта да, кәсіби тұрғыдада дамытуымыз керек. Бүгінде шетелде қырыққа жуық қазақ күресі федерациясы жұмыс істейді. Шетелдік спортшылардың қызығушылығы артып келеді", – деді Дамир Бекбосынов.
Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов Орал қаласы жастар арасындағы әлем не Азия чемпионатын өткізуге дайын екенін айтты. Қазақ күресінен жақсы нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларға облыс әкімдігі мен федерация тарапынан ақшалай қолдау көрсетілетінін атап өтті.
"Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жетістікке жетіп жүрген спортшыларға БҚО әкімдігі тарапынан ай сайын жалақы беріледі. Қазақ күресінен чемпион болған бала 120 мың теңге жалақы алады. Ересектерге өткен соң спорт клубына қосылып, ол жақтан да қаржылау қолдау көрсетіледі. БҚО қазақ күресі қауымдастығы тарапынан жыл сайын екі рет киім-кешек беріледі. Спортшыларға өңірлік университеттің ректор және әкімдік гранты қарастырылған. Осылай спортшылардың жағдайын шешіп жатырмыз", – деді Бақдәулет Сәбитов.
Батыс Қазақстан облысы Қазақ күресі қауымдастығының президент Әсет Сұлтанұлы ересектер арасында жарыстар көп екенін, ал жас спортшыларды қолдау үшін жастар арасында халықаралық жарыстар өткізіп тұру қажет екенін айта кетті.
84 келі салмақта белдесіп, чемпион атанған Сұлтан-Бейбарыс Қайратұлы қарсыластары осал болмағанын айтты.
"Абай облысының намысын қорғадым. Белдесулер өте ауыр болды. Барлық қарсылас тыңғылықты дайындықпен келген. Теккен маңдай теріміздің арқасында жетістікке жетіп отырмыз. Чемпионат өте жоғары дәрежеде өтті", – деді спортшы.
Белдесулер QAZSPORT телеарнасында және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының YouTube арнасында тікелей эфирден көрсетілді.
14 сәуір. Алғашқы күн нәтижелері
Қыздар
60 келі:
- 1-орын – Ақбота Сматали (Жетісу облысы);
- 2-орын – Айару Тілеубаева (Қостанай облысы);
- 3-орын – Жұпаркүл Изтаева (Түркістан облысы);
- 3-орын – Аружан Сейітқасым (Түркістан облысы).
65 келі:
- 1-орын – Аяулым Балғабаева (Жамбыл облысы);
- 2-орын – Сезім Өтеулі (Жамбыл облысы);
- 3-орын – Сабина Әлібек (Шымкент);
- 3-орын – Саяжан Өзбек (Жетісу облысы).
70 келі:
- 1-орын – Ақбота Қыдырәлі (Түркістан облысы);
- 2-орын – Гүлнұр Рсынхан (Түркістан облысы);
- 3-орын – Шұғыла Мақсатқызы (Алматы облысы);
- 3-орын – Дария Забильская (БҚО).
70 келіден жоғары:
- 1-орын – Наргиз Оразбекова (Астана);
- 2-орын – Ләззат Оразбек (Шымкент);
- 3-орын – Сабина Кулумбетова (БҚО);
- 3-орын – Анель Рамазанова (Абай облыс).
Ұлдар
90 келі:
- 1-орын – Ерасыл Мержанов (Абай облысы);
- 2-орын – Бейсет Полша (Қарағанды облысы);
- 3-орын – Шахнияз Ағыбаев (Қостанай облысы);
- 3-орын – Сабырбек Кемелбек (Жамбыл облысы).
100 келі:
- 1-орын – Ердәулет Қалмырза (Түркістан облысы);
- 2-орын – Эльнар Жанболатұлы (БҚО);
- 3-орын – Әлімжан Қыбышев (Қарағанды облысы);
- 3-орын – Айдар Адилжан (Алматы облысы).
100 келіден жоғары:
- 1-орын – Мейірхан Бейсенәлі (Түркістан облысы);
- 2-орын – Олжас Базарбай (Шымкент);
- 3-орын – Қажымұхан Төре (Астана);
- 3-орын – Ерасыл Нұрахметов (Абай облысы).
15 сәуір. Екінші күн нәтижелері
Қыздар
44 келі:
- 1-орын – Жансая Таджимова (Қызылорда облысы);
- 2-орын – Қарақат Рахыбай (Жетісу облысы);
- 3-орын – Шолпан Алтынбек (Түркістан облысы);
- 3-орын – Бақыт Өмірбекова (Абай облысы).
48 келі:
- 1-орын – Эльнара Анарбекқызы (БҚО);
- 2-орын – Томирис Токмурзина (Астана);
- 3-орын – Томерис Рахметова (Жамбыл облысы);
- 3-орын – Камила Алтыбайқызы (Маңғыстау облысы).
52 келі:
- 1-орын – Алира Шегелекова (Абай облысы);
- 2-орын – Сандуғаш Темірбек (Ақмола облысы);
- 3-орын – Эвелина Баёва (Қостанай облысы);
- 3-орын – Гүлназ Какенова (Ұлытау облысы);
56 келі:
- 1-орын – Гүлназ Өмірбек (Түркістан облысы);
- 2-орын – Сезім Саламат (Маңғыстау облысы);
- 3-орын – Мадина Мадиярқызы (Ақмола облысы);
- 3-орын – Анель Амангельдинова (Абай облысы).
Ұлдар
72 келі:
- 1-орын – Ерасыл Бақдәулет (Жамбыл облысы);
- 2-орын – Нұржол Бахытханұлы (Павлодар облысы);
- 3-орын – Асар Саматұлы (Ақтөбе облысы);
- 3-орын – Данил Кнестиков(Қарағанды облысы).
78 келі:
- 1-орын – Бекзат Мақсұтов (Абай облысы);
- 2-орын – Мансұр Темірхан (Жамбыл облысы);
- 3-орын – Дәрусейтхан Темірхан (Түркістан облысы);
- 3-орын – Әли Дүйсенбай (Алматы облысы).
84 келі:
- 1-орын – Сұлтан-Бейбарыс Қайратұлы (Абай облысы);
- 2-орын – Әли Әлімби (Жамбыл облысы);
- 3-орын – Серіжан Сағиев (Ұлытау облысы);
- 3-орын – Бауыржан Шайхыслам (Шымкент).
16 сәуір. Үшінші күн нәтижелері
Ұлдар
55 келі:
- 1-орын – Диас Даулет (Астана);
- 2-орын – Айбатыр Миразат (БҚО);
- 3-орын – Нұролла Хамит (Қарағанды облысы);
- 3-орын – Эржан Муса (Қарағанды облысы).
60 келі:
- 1-орын – Рузимон Тугушев (Түркістан облысы);
- 2-орын – Арсен Сошнин (Ақтөбе облысы);
- 3-орын – Әділжан Тойжан (Алматы облысы);
- 3-орын – Жалғас Бескемпір (Астана).
66 келі:
- 1-орын – Нұрдаулет Алдаберген (Астана);
- 2-орын – Бекасыл Жаңабай (Жамбыл облысы);
- 3-орын – Сәкен Мажит (Алматы);
- 3-орын – Жанасыл Дінмұханбетұлы (Алматы).
Түйе балуан:
- 1-орын – Сардар Абдисамитұлы (Түркістан облысы);
- 2-орын – Амирбек Рахимов (Ақтөбе облысы);
- 3-орын – Думан Маратов (Атырау облысы);
- 3-орын – Нұрболат Жамбыл (Шымкент).
Жалпы командалық есепте Түркістан облысы 6 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен алға шықты. Одан кейінгі орында – Абай облысы (4 алтын, 4 қола) және Астана қаласы (3 алтын, 2 күміс, 2 қола).