Оралда апат салдарынан 1530 абонент жарықсыз қалды
Жылу жүйесі электр қуатымен жұмыс істейтін жеке секторда электр қуаты үзілді.8 қаңтарда "Балауса" және "Болашақ" ықшамаудандарында апатты жағдайда электр қуаты үзілді. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлады.
Жеке сектордың 1530 абоненті жарықсыз қалды. Жеке үйлердегі жылу жүйесі электр қуатымен жұмыс істейді. Қала әкімдігі жедел топ қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Қарағандыда тұрғындар жаппай жылытқыш қосып, қала жарықсыз қалды
8 қаңтарда Оралда термометр -25°С-тан төмен түсті. Бастауыш сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді.