Орал дәмханаcындағы жарылыс: үйінді астынан екі мәйіт табылды
Үйінділерді бөлшектеу жалғасуда: оның астында зардап шеккендер болуы мүмкін.Оралда түнде газ жарылуы салдарынан опырылып құлаған дәмхананың қирандыларының астынан екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері жұмылдырылды, барлығы 110-нан аса адам және 30 бірлік техника жұмылдырылды.
"Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, Оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда", – деп жазылған хабарламалда.
Оқи отырыңыз: Оралда газ жарылып, дәмхана қирады: зардап шеккендер бар
БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы нәтижесінде ғимарат құлап, кейін жанған болатын.