11-сынып оқушысы шетелге оқуға түсу үшін өзге елде тіл үйреніп жатса, қорытынды емтиханды мерзімінен бұрын тапсыра ала ма? Бұл туралы ата-аналардың бірі "Ашық диалог" порталында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан сұрады.

Министрдің жазуынша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығының 62-пунктіне сәйкес, 11-сынып бітірушілері шетелге оқуға түскенін немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырғанын растайтын құжаттарды оқу жылының аяқталуына кемінде 2 ай қалғанда ұсынған кезде мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

"Foundation ұлттық орталығы берген анықтама 11-сынып оқушысын мерзімінен бұрын қорытынды аттестацияға жіберуге жарамды", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.


Оқи отырыңыз: Қорытынды аттестация: Оқушылар тапсыратын емтихандардың толық тізімі


Бұл ретте мерзімінен бұрын аттестаттауды өткізу үшін оқу-ағарту министрлігінің рұқсаты талап етілмейді. Білім беру ұйымы жоғарыда аталған №125 бұйрықты басшылыққа алады.