Бұйрық бойынша каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді, оның ішінде оқу жылының ішінде кемінде 25 күнді құрайды. 

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – 4 жыл. Ал орта білім беру үшін 5 жыл көзделген.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу аптасын, 2-4-сыныптарда және орта буын үшін 36 оқу аптасын құрайды.

Оқу жылы ішіндегі каникулдар 3 рет – күзде, қыста және көктемде беріледі. 1-сыныптың білім алушылары үшін үшінші тоқсанда ұзақтығы бір апта болатын қосымша каникул уақыты қарастырылған.


Оқи отырыңыз: Оқу жылы енді 31 мамырда аяқталады: Оқушылар жазда неше күн демалады?