Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Baq.kz басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы ұстаздардың орташа жалақысы бойынша мәлімет берді. 

"Мысалы, 2019 жылы мұғалімдердің жалақысы орта есеппен 190 мың теңге болған. Бүгінгі күні 400 мың теңгеге жуық. Яғни, 300 мың теңгенің үстінде. Нақты айту қиын. Өйткені, ол мұғалімнің жүктемесіне, санатына байланысты қойылады. Ол модератор ма, сарапшы ма, зерттеуші ме, шебер ме – соған байланысты қосылатын жүктемелер бар. Дегенмен, медиандық еесеппен алғанда, олардың қолға алып отырған орташа жалақысы – 300 мың теңгенің үстінде. Жалақының 2,5 есе артқанын көріп отырмыз", – деді оқу-ағарту министрі. 

Сұхбатта ол, жалақыны арттырумен қатар, педагогтерді білім-білігін арттыруға да мән беріліп жатқанына тоқталды. 

"Егер бұрын мұғалім бес жылда бір рет қана өзіні біліктілігін тегін арттыра алған болса, қазір енді мерзім үш жылды құрайды. Бұл ғылым мен технология жылдам дамып жатқан заманда мұғалімдердің өзінің қабілетін шыңдауына жасалып отырған мүмкіндік", – деді Ғани Бейсембаев. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан мектептеріне 2817 педагог жетпейді. Қай пән мұғалімдері тапшы?